Қазақстандық Ақмарал Науатбек пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
J2 дәрежесінде 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсті.
Осылайша, Ақмарал Науатбек ел қоржынына тарихымызда әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!