Қазақстан құрамасы дзюдодан Гуаякильде (Эквадор) өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошылар аралас командалар арасындағы жарыста чемпион атанды.
Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Шешуші бәсекеде ел намысын Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмажан (63 келіге дейін), Еркен Бекали (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) қорғады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жеке сайыстарда он медальға қол жеткізді.
Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және Әділ Жаудинов (90 келіден жоғары) әлем чемпионы атанды.
Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін), Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.
Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін), Еркен Бекали (73 келіге дейін) әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!