Тарихтағы тұңғыш футболшы: Роналду тағы да рекорд жаңартты

Тарихтағы тұңғыш футболшы: Роналду тағы да рекорд жаңартты
Фото: instagram.com/cristiano/

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду маусымның алғашқы турында көзге түсіп, қатарынан 25 маусым бойы гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауд Арабиясы чемпионатының бірінші туры аясында өткен матчте "Әл-Наср" мен "Әл-Рияд" кездесіп, алаң иелері 4:0 есебімен ойсырата жеңіске жетті.

Голдардың авторы - Абдулела әл-Амри (18-минут), Анжело Габриэл (45+1), Жоау Феликс (58) және Криштиану Роналду (83).

Айта кетейік, Роналду алаңға тек 62-минутта шыққан еді.

41 жастағы Криштиану үшін бұл гол ресми матчтердегі (клубтар мен Португалия құрамасы сапындағы) 977-ші голы болды. Енді оған 1000 гол деген межеге жету үшін небәрі 23 рет қарсылас қақпасын дәл көздеу қалды.

Сонымен қатар, бұл гол Роналдуға тарихқа енуге мүмкіндік берді - португалиялық шабуылшы қатарынан 25 маусым бойы кем дегенде бір гол соққан алғашқы футболшы атанды. Бұл серия 2002/2003 жылғы маусымда "Спортинг" сапында басталған болатын, сол кезде форвард кәсіби деңгейде алғаш рет гол соққан еді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget