Тарихта алғаш рет: Қазақстан құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

1/16 финалда ұлттық құрама Испания командасымен кездесті. Алғашқы матчта Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңді. Кейін Кирилл Герасименко Хуан Пересті дәл осындай есеппен ұтты.

Испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловты 3:1 есебімен жеңіп, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда шешуші нүктені Кирилл Герасименко қойды. Қазақстандық спортшы Альваро Роблесті 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қорытынды есеп - 3:1. Осылайша Қазақстан құрамасы 1/8 финалға жолдама алды, енді Жапония мен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!