Тарихта алғаш рет: Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден ӘЧ-нің финалына шықты

Тарихта алғаш рет: Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден ӘЧ-нің финалына шықты
Фото: федерацияның баспасөз қызметі

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Гонконгта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық шпагашылар Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ең жоғары жетістігі 2025 жылғы қола медаль болатын.

Финалда қазақстандық спортшылар Украина мен Израиль құрамалары арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. 

Еске салайық, командалық жарыста Қазақстан намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғап жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget