Тарихи нәтиже: Александр Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны өзгерді

Тарихи нәтиже: Александр Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны өзгерді
Фото: ҚТФ/Андрей Ударцев

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бубликтің ATP әлемдік рейтингіндегі орны өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен демалыста теннисші Гонконгтағы ірі турнирде жеңіске жетіп, нәтижесінде үздік ондықтың қатарына енді. Рейтинг жаңартылғаннан кейін Александр Бублик оныншы сатыға көтерілді.

Ол ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингте үздік ондықтың қатарына кірген алғашқы қазақстандық атанды.

Испания өкілі Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орынға италиялық Янник Синнер жайғасса, ал үздік үштікті Германия өкілі Александр Зверев түйіндеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget