Тарихи нәтиже: Африканың тоғыз құрамасы ӘЧ плей-оффына жолдама алды

Тарихи нәтиже: Африканың тоғыз құрамасы ӘЧ плей-оффына жолдама алды
Фото: depositphotos.com

Футболдан әлем чемпионатының тарихында алғаш рет Африканың бірден тоғыз елі плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

ӘЧ-2026 топтық кезеңінен Алжир, Кабо-Верде, Конго ДР, Мысыр, Гана, Кот-д’Ивуар, Марокко, Сенегал және ОАР құрамалары өтті.

Топтық кезеңнен кейін мундиальмен қоштасқан жалғыз африкалық құрама Тунис болды – команда үш матчте бірде-бір ұпай жинай алмай, F тобында төртінші орынға тұрақтады.

Африканың тоғыз елінің ішінен бесеуі футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өз тарихында алғаш рет шықты. Олар: Конго ДР, Кот-д’Ивуар, ОАР, Мысыр және Кабо-Верде. Кабо-Верде құрамасы ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына қатысып отыр.

ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтіп жатыр. Аргентина құрамасы – қазіргі әлем чемпионы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget