Тарихи жүлде! Қазақстандық мерген әлем чемпионатында медаль еншіледі

Тарихи жүлде! Қазақстандық мерген әлем чемпионатында медаль еншіледі

Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Юнусметова Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық спортшы жекелей сындағы әйелдер арасында кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден оқ атуда үздік үштіктің қатарына енді. Ирина Юнусметова 537 ұпай еншілеп, алты серияда тиісінше 83, 95, 90, 88, 91 және 90 нәтиже көрсетті. 

Алтын медальды түркиялық Шеввал Илайда Тархан (546 ұпай) алса, күміс жүлде Армения спортшысы Эльмира Карапетянға (542) бұйырды.

Ирина Юнусметованың медалы – тарихи жүлде. Бұған дейін бұл дисциплинада қазақстандық спортшылар жүлдеге ілікпеген еді. 

Айта кетейік, Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады. 2028 жылғы Олимпиаданың 38 жолдамасы сарапқа салынып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget