- Негізгі бет
- Спорт
- Тарихи жүлде иеленген...
Тарихи жүлде иеленген 19 жастағы балуан жеңіске қалай жеткенін айтты
Белградтағы әлем біріншілігінде чемпион атанған Ризабек Айтмұхан жеңісіне қатысты пікір білдірді,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме.
92 келіге дейінгі салмақ финалында 19 жастағы қазақ балуаны әзербайжандық Осман Нурмагомедовтен үстем түсті. Бұл - еркін күрестен Қазақстан тарихындағы бірінші алтын.
- Бұл жүлдеге қандай күшпен жеттің?
- Құттықтауларыңызға рахмет! Бұл жүлде үлкен еңбектің арқасында келді. Әкем мені таңғы 6-6:30-да оятып алып, жаттықтыратын, кейін спорт мектебіне берді. Тоғыз жыл жаттықтым. Алланың қалауымен Қазастаннан шыққан алғашқы чемпион болдым!
- Қазір қандай күйдесіз?
- Әлем чемпионы атанғанымды әзірге толық сезіне алмай тұрмын. Допинг-бақылаудан өткеннен кейін сезім келетін шығар. Үйге жеткенде толықтай сезінетін болармын.
Еске салайық, 18 қыркүйекте қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Белград боз кілеміндегі финалда отандасымыз әзербайжандық спортшы Осман Нұрмогамедовті жеңді.
Финалдық белдесу тартысты басталды. Алғаш болып әзербайжандық балуан ұпай алды. Екі ұпаймен алға шыққан қарсыласынан Ризабек белдесу аяқталар тұста айласын асыра білді. Ризабек тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ балуаны.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды құттықтады.
Тағы да оқи отырыңыз: Мұғалімдер күніне құттықтау-тілектер керек
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина