Тарихи жүлде алған мергендер мен гимнаст Нариман Құрбанов Алматыға келді
Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Құрбанов Алматыға келді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал 27 шілдеде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Ал пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасынан айласын асырды. Қарсыластарын 17:5 есебімен айқын жеңіп шықты.
Суреттер: Massaget.kz / Болат Айтмолда / Нұрбол Ынтымақұлы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Н. Ынтымақұлы