Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
US Open-2026 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Елена Рыбакина 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина алғашқы партияда қарсыласына есе жібергенімен, екінші сетте ойынды толық бақылауына алып, Чжэн Циньвэньге бір ғана гейм алуға мүмкіндік берді. Шешуші партияда қазақстандық теннисші басымдыққа ие болып, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Осылайша, Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің жартылай финалына шықты. Сонымен қатар, Чжэнді ширек финалда жеңгеннен кейін WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Турнир қорытындысы бойынша Елена Рыбакина жеке сында әлемдік рейтингте көш бастаған тұңғыш қазақстандық атанады.
Қазақстан өкілі финалға шығу үшін ресейлік Мирра Андреева және америкалық Коко Гауфф арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!