Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионында қалады. Топтық кезеңде Словакия Словенияны 1:0 есебімен ұтқаннан кейін, отандастарымыз өз орнын сақтап қалды. Ал Словения бірінші дивизионға төмендеді.
Қазақстан құрамасы төртінші жыл қатарынан элиталық дивизионда бақ сынайды. Бұған дейін отандастарымыз 1998, 2004, 2005, 2006, 2010, 2012, 2014, 2016, 2021 және 2022 жылдары жоғарғы топта болған. Үздік нәтижесі – 2021 жылы Ригадағы додада топта 5-орын алған.
Биылғы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы легионерлерсіз аттанды. Кілең отандық хоккейшілерден құралған Қазақстан құрамасы булитте Норвегия мен Словакияны (екеуін де 4:3 есебімен) жеңіп, Чехия (1:5), Швейцария (0:5), Канада (1:5) және Латвияға (0:7) есе жіберді. Бүгін өтетін Словенияға қарсы ойын отандастарымызды төменгі дивизионға түсіре алмайды. Ал белгілі спорт сарапшысы Нұрғазы Сасаев осы құрамдағы хоккейшілер "Барыс" сапына қосылып, жұбын жазбай ойнаса, келесі әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеді.
Қазақ елі төлқұжатынан бас тартып, тайраңдаған келімсектер тұз жалаңдар. Оларды қолдап, сәуегейлік айтқан "данышпандар", сіздерге де - бір уыс... "мұз". Дандайсыған келімсектерсіз де таңымыз атып, тауығымыз шақырған, яғни Олимпиада ойындарына қатысқанбыз. Енді оларсыз да хоккейіміз қарыштап алға жылжиды, жоғары өрлейді. Тек осы құрамдағы жігіттерді "Барыс" сапында бір жыл шыңдау керек. Жұптарын бұзбау керек. Сонда келесі жылы, Чехияда өтетін Әлем чемпионатында плей-оффқа да шығамыз!, - дейді спорт журналисі.
Айта кетейік, хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионаты Чехияның Прага және Острова қалаларында өтеді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!