Тарихи жетістік: қазақстандық теннисші ірі турнирде жартылай финалға өтті

Тарихи жетістік: қазақстандық теннисші ірі турнирде жартылай финалға өтті
Фото: ҚТФ

Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Флашинг-Медоус корттарында өткен ширек финалда Заңғар 13-нөмірлі ресейлік теннисші Тимофей Дерепасконы айқын басымдықпен жеңді.

Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама алу үшін ол болгариялық Иван Иванов және германиялық Максим Шонхауэс арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget