Тарихи жеңіс! Рыбакина Уимблдон турнирінде топ жарды

Уимблдон турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сыны аяқталды. Финалда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабер мен әлемнің 23-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина кездесті. 

Елена Рыбакина бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен оңай ұтты. Елена үшінші сетте де керемет өнер көрсетіп, қарсыласын 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Осылайша Рыбакина алғаш рет "Үлкен дулыға" додасында топ жарды. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген. 

Елена Рыбакина 1999 жылы 17 маусымда Ресей астанасы Мәскеуде туған. 5 жасынан бері тенниспен айналысады. 2018 жылы ол Қазақстан азаматтығын алды. Ол кезде Рыбакина WTA рейтингінде топ-200 қатарына енді кірген жас теннисші болатын.