Қазақстан құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты.
Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Турнир барысында қазақстандық спортшылар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.
Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын. Сондай-ақ, Руслан Құрбанов 2023 жылы жеке сында қола жүлдегер атанған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз