Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик бүлдіршіннің тұсауын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясының ресми парақшасында видео жарияланды.
"Александр Бублик жас батыр Аян Бейбітұлының тұсауын кесті. Алдағы өмір жолы ашық, қадамы нық болып, Александр сияқты ел мақтанышы атануын тілейміз", - деп жазылған федерация хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары бүлдіршінге жарқын болашақ тіледі:
"Қадамы оң болсын", "Александр Бубликке рақмет! Жолын берсін!", "Енді қазақтан да шықсын чемпион", "Сәбидің жолы болды".
Еске салайық, бұған дейін теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бубликтің ATP әлемдік рейтингіндегі орны өзгерді. Рейтинг жаңартылғаннан кейін Александр Бублик оныншы сатыға көтерілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова