Танымал спортшы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты

Танымал спортшы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты
Фото: instagram.com/mma_eurasia_association/

Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Медет Жээналиев Ыстықкөлде балаларды құтқармақ болып көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстандық спортшы көлге батып бара жатқан кәмелетке толмаған қызды құтқару үшін суға секірген.

"Бактуу-Долоноту ауылындағы жағажайда кәмелетке толмаған төрт қыз демалып жүрген. Олардың бірі суға шомылу кезінде бата бастаған. Медет Жээналиев досымен бірге көмекке ұмтылған. Қыз құтқарылды, бірақ Медет Жээналиевтің өзі қаза тапты", - деп жазды басылым.

Кәсіби MMA-да төрт жекпе-жек өткізген спортшының сүйегі қайғылы оқиғаның ертеңіне табылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Матч ТВ (@matchtv_channel)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget