Танымал спортшы Бақыт Сәрсекбаев алдағы жоспарын бөлісті

Танымал спортшы Бақыт Сәрсекбаев алдағы жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Ласло Папп халықаралық турниріне 18 боксшы қатысқан. Қазақстан еншісінде 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде бар.

"Алдағы маңызды біріншілік 3-16 шілде аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия чемпионаты болмақ. Оған дейін Македониядағы халықаралық турнирге қатысып, 19 маусымнан бастап қорытынды жаттығу жиынын өткізу ойда бар. Азия біріншілігінде жоғары нәтиже көрсетуге ниеттіміз. Жастар сапындағы боксшыларымыз қалыпқа келіп жатыр. Біз - жаттықтырушылар әр жекпе-жек алдында дұрыс бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесімізді айтамыз. Биыл қарашада Дакарда (Сенегал) жастар арасында Олимпиада ойындары өтеді. Бізде бір жолдама бар. Оны 70 келіде өнер көрсететін Бибарыс Әшірбай алды. Олимпиада әр спортшы үшін ең биік шың екені анық. Бибарыс командамен бірге дайындалады", - деді U19 құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылғы қаңтардан бастап жастар құрамасының тізгінін ұстаған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!