Танымал спортшы Абзал Әжіғалиев мұз үстінде некесін қиды

Танымал спортшы Абзал Әжіғалиев мұз үстінде некесін қиды
Фото: instagram.com/abzal_azhgaliyev/

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының өкілі Абзал Әжіғалиев мұз үстінде некесін қиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде жариялады.

"Өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі. Өмірімнің көп бөлігі мұз айдынында өтті. Тіпті мұз менің екінші үйіме айналды деуге болады. Сондықтан осы күнді ерекше өткізгім келді. Сол себепті неке қию рәсімін дәл сол жерде, мұз үстінде, конькимен өткізуді шештім. Оған өзімнің алғашқы мұз сарайымды таңдадым, дәл осы жерде менің жолым басталып, алғаш рет коньки тепкен едім", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abzal Azhgaliyev (@abzal_azhgaliyev)

Желі қолданушылары спортшы мен жұбайына бақыт тіледі: "Шын жүректен құттықтаймыз, бақытты болыңыздар!", "Шаңырақ көтерген күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!", "Бақытыңыз баянды, шаңырағыңыз берекелі болсын!"

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықта сынға түсті. Алайда отандасымыз ширек финалда жарыс жолын аяқтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget