Швециядан шыққан танымал футболшы Златан Ибрагимович мансабын аяқтады. Бұл туралы Италия чемпионатының соңғы турындағы "Милан" мен "Верона" арасындағы кездесуден кейін хабарлады.
41 жастағы шабуылшы биылғы маусымда жарақатына байланысты 4 ойынға ғана қатыса алды. 1 гол соғып қана жанкүйерлерін қуантты.
Бұл стадионда қаншама естеліктер бар. Маған басында махаббат, одан соң бақыт сыйладыңыздар. Бәріне түсіністікпен қараған отбасыма алғыс білдіремін. Екінші отбасыма айналған ойыншыларға рақметімді айтамын. Жаттықтырушылар, қызметкерлер мен менеджерлер жұмысын құрметтеймін. Жанкүйерлер алдында шын жүректен басымды иемін. Футболмен қоштасатын уақыт келді, - деді футболшы.
Златан футболдағы мансабын "Мальме" командасында бастаған. Одан кейін Амстердамның "Аякс" клубында ойнап танылды. Италияның ең мықты саналатын "Ювентус", "Интер" және "Милан" клубтарында ойнады. Сондай-ақ ПСЖ (Франция), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарында доп тепті.
Швеция ұлттық құрамасында 122 ойынға қатысып, 62 гол соқты.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!