Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде екінші орын алып, шамамен 25 миллион теңге табыс тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22 жастағы шахматшы мұндай деңгейдегі додаға қатысып, екінші орын алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол соңғы турға дейін бас жүлде үшін таласып, үндістандық Вайшали Рамешбабудан небәрі жарты ұпайға қалып қойды.
Қазақстандық шахматшының жалпы ұтысы 52 200 еуро, яғни 24 миллион 700 мың теңге болған.
Айта кетейік, үміткерлер турнирі - шахмат әлеміндегі ең беделді жарыс. Оған әлемнің ең мықты сегіз шахматшысы қатысады. Ал Бибісара Асаубаева - блицтен шахмат бойынша үш дүркін әлем чемпионы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess)
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова