Танымал спорт журналисі, комментатор Ермұхамед Мәулен жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Ордабасы" футбол клубы мәлімдеді.
"Ордабасы" футбол клубының президенті кеңесшісі қызметіне Ермұхамед Мәулен тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Ермұхамед Мәулен бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен байланыс және комуникациялар департаментінің директоры, ҚФФ президентінің кеңесшісі, Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова