"Қазақ жауынгері" лақапатымен танымал қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла кәсіпқой бокстағы жиырма үшінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бангкокта (Таиланд) өткен бокс кеші аясында ол жеңіліп көрмеген намибиялық боксшы Филлемон Нгутенаньемен айқасты. Кездесу жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және толық 10 раундқа созылды. Төрешілердің шешімі бойынша кездесу тең есеппен аяқталды: 91-99, 95-95, 95-95.
Айта кетейік, ринг-анонсер бастапқыда қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп қате жариялаған, алайда артынша өзін түзеп, ресми түрде тең нәтиже тіркелгенін хабарлады.
Осылайша Нығметолла WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы Азия чемпионы атағын сақтап қалды. Қазір оның кәсіби көрсеткіші мынадай: 22 жеңіс пен 2 тең есеп.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова