Танымал қазақ футболшысы өмірден өтті

Танымал қазақ футболшысы өмірден өтті
Фото: ҚФФ

Қазақ футболының ардагері, тәжірибелі ойыншы әрі бапкер Марат Есмұратов 65 жасында өмірден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша футбол қауымдастығына қайғыра көңіл айтты.

Марат Жалғасұлы - отандық футболдың дамуына елеулі үлес қосқан тұлға.

"Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жеті мәрте алаңға шыққан. Кәсіби еңбек жолында "Мелиоратор", "Машук", "Қайрат", СКИФ-"Ордабасы", "Актюбинец", "Мұнайшы" клубтарында өнер көрсетіп, 2001 жылы "Қайсар" сапында футболшы мансабын аяқтады. Ол Қазақстан премьер-лигасында 265 матч өткізіп, 6 гол соқты", - деп жазылған хабарламада.

Жаттықтырушы ретінде "Қайсар", "Ақ Бұлақ", БЖМОРСМ №2, "БТА Футзал" МФК, "Жетісу" және "Алтай" клубтарында қызмет еткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget