Мадридтік "Атлетиконың" оң қапталдағы қорғаушысы Маркос Льоренте Испания футбол құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
31 жастағы футболшы "Қызыл фурияның" 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетуіне үлес қосты. Маркос Льоренте әлем чемпионатында үш матчқа қатысып, топтық кезеңде Уругвайға қарсы кездесуде (1:0) нәтижелі пас берді.
"Ұзақ уақыт ойланып, ұлттық құрамадағы кезеңімді аяқтауды шештім", - деп жазды Маркос Льоренте әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Маркос Льоренте Испания құрамасында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп, осы уақыт аралығында 27 матч өткізді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!