Танымал футболшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді

Танымал футболшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді
Фото: © Jonathan Moscrop

Франция ұлттық құрамасы мен "Ювентус" командасының жартылай қорғаушысы Поль Погба допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Tuttosport.

Футболшы 2023 жылы екі бірдей допинг сынамасын тапсырып, екеуі де талапқа сай емес нәтиже көрсеткен еді. Оның допинг сынамасынан тестостеронның артық мөлшері байқалған. 30 жастағы футболшының адвокаттары 4 жылдан 2 жылға қысқарту жайын сұрағанмен, шешім өзгеріссіз қалды. 

Погба 2022 жылдың жазынан бері "Ювентуста" ойнап келеді. Өткен маусымда 10 матчқа қатысып, бір нәтижелі пасымен көзге түскен. Командамен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жоспарланған. Футболшының трансферлік құны 20 миллион еуроны құрайды. 

Бұған дейін "Ювентус" командасы Погбаның допинг қолданғаны ресми түрде дәлелденсе, келісімшартты біржақты келісім бойынша аяқтайтынын хабарлаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай