Танымал футболшы “Барселонамен“ келісімшартын ұзартты

Танымал футболшы “Барселонамен“ келісімшартын ұзартты
Фото: Depositphotos/mrogowski_photography©

Бразилия құрамасының шабуылшысы Рафинья Диас каталондық "Барселона" клубымен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар толық келісімге келген. Келісімшартты ұзарту туралы ресми рәсім 9 қазанда өтуі мүмкін. Ол үшін барлық құжат жоспарға сай рәсімделуі керек.

Бразилиялық футболшының "Барселонамен" бұған дейінгі келісімшарты 2028 жылға дейін жасалған еді.

Айта кетейік, Рафинья Диас "Барселона" сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол "Лидс Юнайтед" клубынан 58 миллион еуроға ауысқан. Осы уақыт ішінде бразилиялық футболшы каталондық команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Ол "Барселона" сапында сегіз матч өткізіп, 14 гол соқты және үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt футболшының нарықтағы құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget