Танымал бапкер “Алтын допқа“ кім лайық екенін айтты

Танымал бапкер “Алтын допқа“ кім лайық екенін айтты
Фото: ferdel99/depositphotos.com

"Манчестер Ситидің" бұрынғы бапкері Пеп Гвардиола 2026 жылы "Алтын допты" қай футболшы алуға лайық екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Харри (Кейн) лайық. Оның жетістіктері, соққан голдары, тұрақтылығы және команданы күшейте алатыны - "Алтын доп" иегерін анықтауда ескерілуге тиіс негізгі факторлар. Ол тамаша маусым өткізді. Менен сұрасаңыз, "Алтын доп" Харри Кейнге берілуі керек", - деді Пеп Гвардиола Sky Sports басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен маусымда Харри Кейн "Бавария" сапында 51 матч өткізіп, 61 гол соқты. Англия құрамасының капитаны мюнхендік клуб Германия чемпионаты және кубогын жеңіп алуына да үлес қосты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget