Танымал бапкер 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті

Танымал бапкер 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті
Фото: instagram.com/astanabasket

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері Рамунас Цвирка 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Клуб Рамунас Цвирканың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Рамунас Цвирка өмірінің басым бөлігін баскетболды өркендетуге арнаған тәжірибелі маман болды. Оның жетекшілігімен команда кәсібиліктің жоғары деңгейін, нәтижеге деген ұмтылысын көрсетті. Бас бапкердің клуб пен ойыншылардың дамуына қосқан үлесі шексіз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Рамунас Цвирка бапкерлік мансабын 2004 жылы бастаған. Ол екі мәрте еліміздің үздік жаттықтырушысы атанған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget