“Талқылап, уайымдай бергеннен өзгермейді“. Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF шешімінен кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өзін қолдаған жанкүйерлеріне алғыс айтты.

"Сыналдық, бірақ сынбадық! Керісінше шыңдалдық! Шешімдер шықты, IBF кетті, WBO қалды. Қалай болғанда да қазір WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын! 1 титул сақталды, Аллаға шүкір! Бұйыртса 8 айдан соң рингке шығамын! Үлкен жорық жалғасады. Құдай жаратқан төбені кетпен шауып біте алмайды! Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды! Біз әлі аяқтамадық, меніңше, бәрі енді басталатын сияқты! Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз! Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар, азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар. Бұл - өмір заңы. Әр қиындықтан соң қуаныш барын ұмытпаймыз. Допингке қарсымын. Мұны бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын! Өткен нәрсе өтті, біткен нәрсе бітті! Талқылай бергеннен, уайымдай бергеннен тағдыр өзгермейді. Ең бастысы ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді жақсы біледі! Ардақты ағайын, біз әлі әлем чемпионымыз! Алдымызда талай дода күтіп тұр!" - деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылы желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өте алмады.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз