Бокстан Ташкентте басталған Әлем чемпионатында алғаш болып шаршы алаңға шыққан отандасымыз Талғат Сырымбетов жаһандық жарысты жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
60 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Талғат тай елінің боксшысы Сакда Рамтхамнан айласын асырды. Тәжірибелі қарсыласына қарсы кездесуде шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды. Осылайша әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз аттанды. Бүгін Талғаттан бөлек 92 килоға дейінгі салмақта Айбек Оралбай да шаршы алаңға шығады.