Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚФФ бас бапкердің отставка туралы шешіміне құрметпен қарағандарын жеткізді.

"Талғат Байсуфинов команда тізгініндегі жұмысы барысында құрамадағы барлық кезең арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты", - деп жазылған хабарламада.

ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы, Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін де Талғат Байсуфинов қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Алайда кейінірек Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!