Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді.

Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды. Ол бірқатар футбол клубында бапкер болды.

Әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу", "Ертіс" (Павлодар), "Ақжайық" (Орал) клубтарын басқарып, Қазақстан жастар құрамасымен де жұмыс істеді. Футболшы мансабында "Ертіс", "Металлург", "Еңбек", "Экибастузец", "Жетісу" және "Восток" клубтарында ойнады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!