- Негізгі бет
- Спорт
- Талантты спортшы 20...
Талантты спортшы 20 жасында тұмаудан қайтыс болды
Ресейлік шорт-трекист Анастасия Середа тұмауы асқынып, 20 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости Спорт басылымына сілтеме жасап.
Анастасия Середа Ресейде шорт-трек бойынша талантты спортшылардың қатарына кірді. Ол эстафеталық команда құрамында Ресей кубогында жеңіске жетті.
Оның өлімі туралы қаралы хабар Ресей конькимен жүгірушілер одағының Telegram арнасында жарияланды.
"Анастасия Середа көз жұмды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазылған хабарламада.
Кейін одақтың баспасөз қызметі өкілдері болған оқиғаның мән-жайын айтты. 20 жастағы Анастасия тұмауы асқынып қайтыс болғаны анықталды. Жерлеу рәсімі 8 қаңтарда Саранскіде өтетіні хабарланды.
"Бұл оқиға туралы жақында білдік, әлі күнге дейін сенбейміз. Мереке алдында Анастасия тұмаумен ауырып жүрді, содан кейін жағдайы нашарлап, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, жағдайы жақсармады, комаға түсіп, кеше көз жұмды. Бізге оның диагнозы тұмау екенін айтты", - деп жазылған одақ мәліметінде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова