- Негізгі бет
- Спорт
- Тағы да допинг!...
Тағы да допинг! Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін
Қазақстандық ауыр атлет, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Зульфия Чиншанло жарыстардан уақытша шеттетілген. Егер тағы допинг қолданғаны анықталса, 8 жыл спорттық жарыстарға қатысуына тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды sportarena.
Зульфия Чиншанло 1 жылдан асық уақыттан бері республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан жоқ. Жарыс кезінен бөлек өтетін міндетті допинг бақылау кезінде спортшының сынамасынан тыйым салынған препарат анықталған.
Ауыр атлет екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. 7 жыл бұрын ХОК WADA көмегі арқылы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы чемпионын допинг қолданғанын анықтаған еді. Нәтижесінде чемпиондық атағынан айырып, 10.06.2016 – 10.06.2018 аралығында жарыстардан шеттеткен еді.
Қазіргі таңда Чиншанлоның екінші допинг дауы да аяқталуға жақын. Егер допинг қолданғаны айқын анықталып жатса, ең көбі 8 жылға дейін жарыстардан шеттетілуі мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай