Қазақстан құрамасының парадзюдошысы Жұрқамырза Шүкірбеков Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Финалда Жұрқамырза Шүкірбеков ирандық Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.
Айта кетейік, 21 қазанда Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Паражүзгіш Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (нәтижесі - 1 минут 44,26 секунд) күміс жүлдегер атанды.
Бұл - Әли Тұрғанбековтің 2026 жылғы Азия Пара ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Зүлфия Ғабидуллинамен бірге 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова