Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында үшінші алтын медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Темірлан Мұқатаев Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта Шахзод Полвоновты (Өзбекстан) тізе бүктірді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және екі күміс медаль бар. Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) күміс медаль иеленген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!