Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд ширек финалда тәжікстандық Ашрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алғанын естеріңізге саламыз.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз