Тағы бір боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Тағы бір боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күні шаршы алаңға Ертуған Зейнуллинов шықты.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта Тайпей өкілі Ю Линмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллинов айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Айта кетейік, ол ширек финалда қырғызстандық спортшы Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget