Тағы бір балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Тағы бір балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: UWW

Грек-рим күресінің шебері Темірлан Тұрдақын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Балуан 87 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды.

Темірлан Тұрдақын жартылай финалда ресейлік Александр Крикуханы жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда ол Иран өкілі Ясин Әли Яздимен күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget