Германияның Гамбург қаласында таеквондодан German Open G1 атты ашық халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады.
Германияда Марғұлан Маратұлы (58 келіге дейін), Батый Абдулхамит (63 келіге дейін), Нодира Ахмедова (54 келіге дейін), Аида Тәукенова (67 келіге дейін) ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 19-20 қыркүйек аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз