Қазақстан құрамасының таеквондошысы Ислам Медетбай Ташкентте (Өзбекстан) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ислам Медетбай әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Алайда финалға шығу үшін өткен кездесуде жеңіске жете алмады.
Осылайша, ол Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Бұған дейін Ерасыл Ерзат та үшінші орын алған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова