Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан Бангкокта (Таиланд) өткен Grand Prix Challenge сериясының ірі турнирін аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жарыста ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Самирхон Абабакиров көрсетті. Ол 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, оңтүстік кореялық Мун Хон Джинге жол берді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық таеквондошы испаниялық Висента Юнтадан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, осы салмақта Дамир Шуленов пен Аманбол Бегімбетов те сынға түсті. Алайда екеуі де жүлдесіз қалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!