15-16 наурыз аралығында Тайань қаласында (Қытай) таеквондодан Азия іріктеу турнирі өтеді, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан атынан төмендегі спортшылар сынға түседі:
57 келі: Мария Севостьянова
+67 келі: Жансель Дениз
58 келі: Самирхон Абабакиров
80 келі: Батырхан Төлеуғали
Таеквондодан Олимпиада бағдарламасына сегіз салмақ дәрежесі енген. Алайда әр команда тек төрт салмақта ғана спортшылар қоса алады.
Айта кетсек, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар. Спортшыларымыз садақ атудан — 4, тас жолдағы велоспорттан — 3, нысана көздеуден — 5, қазіргі бессайыстан — 2, бокстан — 2, грек-рим күресінен — 1, еркін күрестен — 1, спорттық гимнастикадан — 1 жолдама жеңіп алған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!