Таеквондодан Италиядағы турнирге кімдер қатысады?

Таеквондодан Италиядағы турнирге кімдер қатысады?
Фото: ҰОК

Бүгін Италияның Рим қаласында таеквондодан гран-при турнирі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады. Ұлттық құраманың тізімі мынадай:

  • 49 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова
  • 57 келіге дейін: Мария Севостьянова
  • 58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес
  • 68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров
  • 80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали, Бекасыл Ергеш
  • 80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан

Айта кетейік, гран-при турнирі 7 маусымға дейін жалғасады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget