Фуджейрада (БАӘ) таеквондодан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста үш медальға ие болды.
Бахадыр Шапулатов (54 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) және Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, турнирде 50 елдің спортшылары бақ сынап жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз