21 мамырда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жарысқа қатысатын спортшылардың тізімін анықтады.
Ерлер
- 54 келіге дейін: Еркебұлан Еңсегенов
- 58 келіге дейін: Жавохирхон Исламов
- 63 келіге дейін: Азим Ниязов
- 63 келіге дейін: Самирхон Абабакиров
- 68 келіге дейін: Сұлтанбек Орынбек
- 74 келіге дейін: Эльдар Бірімбай
- 80 келіге дейін: Мерген Ғаниев
- 80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали
- 87 келіге дейін: Мейір Нұрғазин
- 87 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан
Әйелдер
- 46 келіге дейін: Айдана Құмартаева
- 49 келіге дейін: Нодира Ахмедов
- 53 келіге дейін: Айдана Сүндетбай
- 53 келіге дейін: Азиза Қаражанова
- 57 келіге дейін: Тоғжан Қазынабек
- 62 келіге дейін: Камила Аймұқашева
- 67 келіге дейін: Аяулым Асқар
- 73 келіден жоғары: Назым Махмутова
- 73 келіден жоғары: Ақсәуле Ерқасымова
Айта кетейік, сары құрлық біріншілігі 24 мамырға дейін жалғасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова