Таеквондодан ашық әлем чемпионатына кімдер қатысады?

Таеквондодан ашық әлем чемпионатына кімдер қатысады?
Фото: ҰОК

28 тамызда Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасында ашық әлем чемпионаты басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Беделді додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды:

  • 46 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева, Тоғжан Өмірзақ
  • 49 келіге дейін: Нұрай Бауыржанова, Адель Жанділдинова
  • 57 келіге дейін: Мария Севостьянова
  • 62 келіге дейін: Айша Әділбекқызы
  • 67 келіге дейін: Аружан Найманбаева
  • 73 келіге дейін: Нұрай Хусаинова 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget