Таеквондодан алғашқы алтын: қазақстандық спортшы Азиадада тарихи жетістікке жетті

Таеквондодан алғашқы алтын: қазақстандық спортшы Азиадада тарихи жетістікке жетті
Фото: ҰОК/Арлан Олжабай

Таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақта финалда Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Тамирлан Тілеулес бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Тамирлан Тілеулес 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Бұл - Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы 12-алтын медалі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget