Дзюдошы Әбиба Әбужақынова спорттағы карьерасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізіп, болашақ жарының суретін жариялады.
"Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда 2028 жылғы жазғы Олимпиада", - деді ол.
Бұған дейін спортшы тұрмысқа шығатынын айтқан еді.
Еске салайық, Әбиба Әбужақынова 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысты, алайда жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де елге оралған соң оған бірнеше көлік сыйға тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз